#Жаңа Қазақстан

Ұлытаудан ұшқан қайраткер

Қаламгердің қамалы – қашанда қаламынан туған дүниелер. Өшпес мұрасы да сол. Сондықтан қаламына адал жазушы ешқашан жалған айтып, жалтақтық танытпайды. Олар әрқашан ақиқатты ту етеді. Ұлт алдындағы, ел-жұрт алдындағы жауапкершілікті айқын сезінеді. Сол үшін жанын азапқа салады. Сонысы, бәлкім, өзіне таяқ болып тиер, бірақ бүгінінен бұрын ертеңін ойлайды. Атына келер сынды ұмытпайды.

[smartslider3 slider=2791]

Сондай тұлғаның бірі – биыл туғанына 90 жыл толып отырған белгілі жазушы-публицист, өнертанушы, телевизия майталманы Камал Смайылов. Елге қызметінде адалдықтан айнымаған қайраткерді жұрты да ұмытпайды. Алматы қаласындағы Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясында өткен ғылыми-практикалық конференция – соның дәлелі.

Бұл шараға Президент ­Қасым-Жомарт Тоқаевтың кеңесшісі Бауыржан Омаров қатысып, Мемлекет басшысының конференция қатысушыларына арнаған құттықтау хатын оқып берді. Конференцияда Еңбек Ері, Смайыловтың төл құрдасы Төрегелді Шарманов, ақын Олжас Сүлейменов, жазушы, драматург Смағұл Елубай бастаған зиялы қауым өкілдері қаламгер жа­йында есті естеліктер айтты. Осы күнгі орын алған ең басты жаңалық – өнер академиясындағы кинозалға Камал Смайылов­тың есімі берілгені. Қайраткер атындағы кинозалда жазушының әр жылдары түскен суреттерінен фотокөрме ұйымдастырылды.

Қаламгер Камал Смайылов дегенде Халық жазушысы Шерхан Мұртаза екеуінің кезінде елдік мәселені жетер жеріне дейін қаузап, ой толғаған хаттар еске түседі. Қазақ публицистикасында ерекше формасымен орын алған осы жазбалардың өзі ғылыми тұрғыда зерттеуді қажет етеді. Өйткені қос қаламгер өзекті мәселелерді қозғаған хаттарында елдің ертеңіне қатысты ой-толғамдарын толғаған.

Камал Смайылов қай салада еңбек етсе де, жанын салып жұмыс істеді. «Қазақфильм» киностудиясын басқарған жылдары ол кісінің қолынан қазақ классика­сына айналған айтулы фильмдер дүниеге келгені мәлім. «Қыз Жібек», «Транссібір экспресі», «Тақиялы періште», «Көксеректі» қазақ кино қорындағы үлкен қазына десек, артық айтқандық емес

Камал Смайылов қай салада еңбек етсе де, жанын салып жұмыс істеді. «Қазақфильм» киностудиясын басқарған жылдары ол кісінің қолынан қазақ классикасына айналған айтулы фильмдер дүниеге келгені мәлім. «Қыз Жібек», «Транссібір экспресі», «Тақиялы періште», «Көксеректі» қазақ кино қорындағы үлкен қазына десек, артық айтқандық емес.

Айтары бар, өнер және әдебиетте айтқаны кесімді сөзге айналған ғалымдар қатысқан халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Камал Сейітжанұлының қайта басылған кітаптары таныстырылды.

Қайраткер қай қызметте жүрмесін өзінің жанкештілігінің арқасында талай істі өрге басқызды. Үш бірдей – Кинематографистер, Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі болған Камал Смайыловтың еңбектері – зерттеуге сұранып тұрған тақырыптар. Міне, сондықтан өнертанушының 90 жылдығына орай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы да телевизиялық «Жалын» жастар конкурсын жариялаған болатын.

Конкурсқа ұсынылатын еңбектерді қабылдау мерзімі 30 сәуірде аяқталады. Жас шектеуі де осы – 30. Мамандар жастар түсірген фильмдер мен сюжеттерді саралап, қорытындысын күзде шығарады. Осы кезде студенттер мен жастардың «Бастау» кинофестивалі ұйым­дастырылып, жеңімпаздар анықталмақ.

Бағдагүл РАХМЕТҚЫЗЫ

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button