Ел тынысы

«Ұмай» және «Жасыл ипотека» бағдарламалары іске қосылады

Биыл басында пәтері бар адамдарға ыңғайлы «Ұмай» және «Жасыл ипотека» бағдарламалары іске қосылады. Бұл туралы Kazinform агенттігінің сауалына Отбасы банктің ресми жауабында айтылған, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

— 2025 жылы Отбасы банк «Ұмай» және «Жасыл ипотека» бағдарламаларын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл бағдарламаларға қатысу үшін 20%-дан басталатын ең төменгі бастапқы жарна болуы керек. Сондай-ақ осы бағдарламалар бойынша заемның ең көп сомасы 50 млн теңгеге тең. Несиені үй сатып алуға немесе жөндеу жұмыстары үшін алуға болады. Тұрғын үйдің болуына ешқандай шектеу жоқ. Банк өтінімдерді қабылдау күнін қосымша хабарлайды, – делінген  хабарламада.

Жасыл ипотека – бұл «жасыл стандартқа» сәйкес келетін нысаннан тұрғын үй сатып алуға берілетін банк заемы. Яғни нысанның ұлттық «Өмір» стандарты, ресейлік мемлекеттік стандарты және халықаралық BREAM немесе LEED стандарттарына сәйкестік сертификаты болуы керек.

Несие 6 айдан 25 жылға дейін беріледі. Бастапқы жарна – шарттық соманың 20%-ынан 50%-ына дейін.

Ал «Ұмай» – әйелдерге арналған ипотека бағдарламасы. Оның шарттары тиімді болуына (бастапқы жарна – 15%) байланысты үлкен сұранысқа ие. Мысалы, былтыр мамыр айында осы бағдарлама бойынша өтінім қабылдау басталып, жарты күнге жетпей қаржысы таусылып қалған болатын.

Айта кетейік, бұған дейін алдағы айларда «Наурыз» бағдарламасының екінші кезеңі іске қосылатынын жазған едік.

Ал «Отбасы банк» АҚ басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимова «Наурыз» бағдарламасына 2025 жылы 300 млрд теңге бөлу жоспарланғанын айтқан болатын.

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button