ӘлеуметҚала тіршілігі

Үміт отын жағады

Елордадағы «Үміт» дағдарыс орталығы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған әйелдер мен балаларды жатын орынмен қамтамасыз етіп, психологиялық қолдау көрсетеді. Орталыққа 18-ден 58 жасқа дейінгі аналар кәмелетке толмаған балаларымен, өз еркімен немесе білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және ішкі істер органдарының жолдамасымен қабылданады.

[smartslider3 slider=536]

«Орталықта 50 төсек-орын бар. Зорлық-зомбылыққа тап болып, барар жері жоқ азаматтар 1 айдан 6 айға дейін орталықта тұрып, әлеуметтік көмек ала алады. Барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, көмекке мұқтаж жандарды қабылдап жатырмыз. Дәрігерлермен тығыз байланыстамыз. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары, психологиялық қысым көрген және қаржылай қиындыққа тап болған қыз-келіншектерге қолдау көрсетеміз. Арнайы мамандармен екіжақты жұмыс істейміз. Жәбірленушінің күйеуімен де байланыс орнатамыз. Татуласып жатқанның өзінде бір жыл біздің бақылауымызда болады. Біз жәбірленуші тарапындамыз, дегенмен ажырастырудан аулақпыз. Керісінше, шаңырағы шайқалған отбасы мүшелерін басын біріктірсек, біздің мақсатымыздың орындалғаны» дейді мекеме басшысы Ғалихан Куканбеков.
Жыл басынан бері «Үміт» дағдарыс орталығына 232 жан қабылданған. Бүгінде орталықта 54 қызмет алушы тұрып жатыр.

Наима НҰРАЛЫҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button