Жаңалықтар

«Ұмытылған батырлар» оралды

Кеше ҚР Ұлттық мұра­жайында белгілі саясаттанушы Берік Әбдіға­ли­ұлының «Забытые герои. Герои Советского Союза» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Бұл еңбекте ІІ Дүниежүзілік соғыста ерекше көзге түсіп, ерлік көрсеткен отандастарымыз туралы жазылған. Нақтылай айтсақ, мұнда кезінде «Кеңес Одағының Батыры» атағына ұсынылған, алайда, белгісіз себептермен ол атаққа қол жеткізбеген азаматтар туралы баяндалады. Автордың айтуынша, бұл «ұмытылған батырлар» жайындағы мәліметтер Ресей Қорғаныс министрлігінің архивінен алыныпты. Кітапқа енген тұлғалардың аты-жөні мен ерліктері мұрағат деректерінде көрсетілгені болмаса, күні бүгінге дейін назарға ұсынылмапты.
Айта кетер жайт, кітап ав­то­рының осыдан бес жыл бұрын Мемлекеттік тілді дамыту прези­денттік қорының директоры қыз­метін атқарып тұрған кезінде қолға алған «Халық батыры» жо­басы Жеңістің 70 жылдығы аясында жүзеге асып отыр. Әзірге «Кеңес Одағы Батыры» атағына ұсынылған 10 қазақстандық батыр жайында мағлұмат табылған. Жоба мақсаты – тарихи әділеттілікті қалпына келтіру және жас ұрпақ бойына отансүйгіш қасиет дарыту.
Басылым «Нұр Отан» партиясы қоғамдық саясат институты мен «Байқадам холдинг» компаниясының қолдауымен жарық көрді.

Нәзира САЙЛАУҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button