Білім

Ұмытылмас күн

6 жасар, биылғы оқу жылында 1-сыныпқа барар кезім. Әне-міне дегенше жаз да аяқ­талып, күз де келді. «Сабақтың да басталатын уақыты таяды» деп анам мектепке қажетті анау-мынауды дайындап әлек боп жүр.

Ал мен болсам сабаққа тіпті зауқым жоқ. Жаз бойғы ойынды қимадым. Амал не?! Бару керек. «Мектепке барған, сабақ оқыған жақсы ғой, балам» деп анам мені жігерлендіріп қояды. Міне, сабақ та басталды. Мектепке бардым. Мектеп табалдырығын бір түрлі имене аттағаным есімде, бойымда бір қорқыныш бар сияқты. Бір кезде іштен бір мұғалима апай шықты да, менің әлденеден жасқанып тұрғанымды байқап, «жүре ғой» деп қолымнан ұстап, ерте жөнелді. Сол-ақ екен, мен бағанағы бойымды билеген қорқыныштың бәрін ұмытып, әлгі апаймен бірге алшаңдай басып, сыныпқа кірдім. Сыныптың іші толған өзім қатарлас балалар. Қатты қуандым. Мектептегі алғашқы күннің 4-5 сабағын өзім секілді балалармен бірге өткізген сәтте анамның айтқан сөзін есіме алдым. Иә, шынымен де, мектепте оқыған қандай жақсы! Бұл өмірімдегі ең бір ұмытылмас күн болды. Себебі сол күні мен өзіме жаңа достар таптым.

Дінмұхаммед Асантегі,

Сырбай Мәуленов ­атындағы

№37 мектеп-­лицейдің

6-сынып оқушысы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button