Мәдениет

Ұмытылмас рухани демалыс

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі мен Мәдениет және спорт министрлігі  «МәдениЕл» атты мәдениет саласын танымал етудің жаңа жобасын жүзеге асыруды бастады. Соның аясында «Астана Опера» театрының үздік опералық және балет қойылымдарын бюджеттік еңбек ұжымдарының қызметкерлері тамашалайды.

[smartslider3 slider=2194]

«Астана Опера» театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяровтың айтуынша, еліміздің мәдени жетістіктерін дәріптейтін «МәдениЕл» бағдарламасы мәдениет саласына көптеген азаматтарды тартуға арналған. Осы мақсатта жүйелі негізде демеушілік қаражат есебінен әрбір қойылымға 300 адам – бюджет саласының қызметкерлері шақырылатын болады. Мұндай тәжірибе елорда тұрғындарына мәдени демалыс сыйлап қана қоймай, «Астана Операның» әлемнің танымал театрларымен бір деңгейде екенін паш етеді.

Бюджет қызметкерлеріне алғашқы болып көрсетілген Петр Чайковскийдің «Аққу көлі» балетін білім беру, денсаулық сақтау, полиция, төтенше жағдайлар және коммуналдық сала қызметкерлері тамашалады.

«Шынымды айтсам, театрға сирек барамын. Күнделікті күйбең тіршіліктен уақыт тауып бару қиын. «Астана Опера» театрына алғаш рет келіп отырмын. Бүгін арнайы шақырылғанымыз үшін үлкен алғысымды білдіремін. Бұл орын мені өзінің сұлулығымен, сиқырлы әуенімен, мың бұралған бишілерімен таң қалдырды. Алдағы уақытта тағы да келгім келеді. Жақында опера үнін тыңдау үшін қайта келемін деп ойлаймын» деді елорданың әлеуметтік мекемесінің тәрбиешісі Жанерке Бекбаева.

Баян АСЫЛБЕКОВА

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button