Жаңалықтар

УНИВЕРСИАДА-2013: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ 15-ШІ ОРЫННАН КӨРІНДІ

-Skiathlon-m-Teyssot-9959

Италияның Трентино қаласында өткен Бүкілдүниежүзілік қысқы Универсиада жарыстарында Қазақстан студенттерінің құрамасы жалпыкомандалық есепте 15-ші орынға табан тіреді. Құрама қоржынына 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медаль түсті.

Алғашқы алтын медальді жарыстың бірінші күні шаңғышы Татьяна Осипова жекелей сайыста жеңіп алды. Екінші алтын жүлдені ерлер арасында өткен эстафета жарысында Марк Старостин, Геннадий Матвиенко және ағайынды Александр мен Сергей Малышевтар иеленді.

Күміс медальге шаңғышы Марк Старостин жекелей сайыста ие болса, хоккейші жігіттеріміз финалда Канада құрамасына жол беріп, Универсиаданың күміс жүлдегері атанды. Ал байрақты жарыстың қола жүлдесіне эстафета жарысында қатысқан қыздарымыз Ольга Мандрыкина, Марина Матросова және Татьяна Осипова қол созды.

Универсиада қорытындысында командалық бірінші орында Ресей құрамасы (15 алтын, 16 күміс, 19 қола), екінші орынды Польша құрамасы (10-10-9), үшінші орынды Оңтүстік Корея құрамасы (8-9-7) иеленді.

 

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button