ЖаңалықтарСаясат

Үнсіздікпен еске алды

00

Қазақстан Респуб­ли­касының Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Францияның Астанадағы елшілігіне барып, Ниццада орын алған террорлық оқиғаға байланысты Франция халқының қайғысына ортақтасып, көңіл айтты. Осы оқиға кезінде 4 қа­зақстандық  опат болды.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсі­мов қаза тапқан қазақ­стан­дықтардың туған-туыстарына қайғырып, көңіл айтатынын жеткізді.
14 шілде күні Ниццада болған лаңкестік әрекеттен төрт Қа­зақстан азаматы көз жұмды. Олардың ішінде павлодарлық отбасының үш бірдей мүшесі – 32 жастағы Любовь Панченко, 32 жастағы Марина Панченко және 2 жасар Сильвия бақилық болды. Сондай-ақ, 57 жастағы Отта Наталья құрбан болған.
Сыртқы істер министрлігі де Ниц­­цада қаза тапқан қазақстан­дықтардың денелерін елге жеткі­зу үшін қажетті шара­ларды жасап жатқанын мәлімдеді.
Ницца жаға­лауында Бастилияны басып алу күнін мерекелеп жатқан халықты жүк көлігі таптап өтіп, көлік ішінен оқ атылған. Бұл лаңкестік оқиғада 84 адам опат болып, 200-ге жуығы ауыр жарақаттанған.
Кеше сондай-ақ, Астанада Ниццадағы террорлық әрекет құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алу жарияланды. Елшілік қызметкерлері төмен түсірілген Франция туына гүл шоқтарын қойды. «Лаңкестік кезінде тек бір ғана ұлт емес, бірнеше елдің өкілі қаза болды. Елімізге шабуыл жасаушылар бізді қорқыта алмақ емес» деді өз сөзінде Францияның Қазақстандағы төтенше және өкілетті Елшісі Франсис Етьен.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button