Ел тынысы

ҰОС ардагерлеріне Астанада 2 миллион теңгеден төленеді

Астана әкімдігінің шешімі бойынша Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 79 жылдығына орай ҰОС ардагерлеріне төленетін төлем сомасы екі есеге ұлғайды. Осылайша, ҰОС ардагерлері 2 миллион теңгеден алады. Бүгінгі таңда елордада ҰОС-тың 7 ардагері тұрады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Сонымен қатар, төлемдерді Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (қатысушылары мен мүгедектерінен басқа) (ҰОС кезеңінде қызмет өткерген әскери қызметшілер, фашистік Германияға қарсы іс-қимылдарына қатысқан адамдар, Ленинград қаласында блокада кезеңінде жұмыс істеген азаматтар, концлагерьлердің кәмелетке толмаған тұтқындары, жаралануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер. азаматтық немесе әскери мақсаттағы нысандардағы радиациялық апаттар мен ядролық сынақтар салдарынан мүгедектігі анықталған адамдар және олардың балалары, мүгедектігі ата-анасының бірінің радиациялық сәулеленуімен генетикалық байланысты) – 45 АЕК (166 140 теңге) мөлшерінде алады.

Басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери іс-қимылдарының ардагерлері (Ауғанстандағы действий қимылдарының ардагерлерінен басқа) (Тәжік-Ауған учаскесінде, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операциясында міндеттерді орындаған әскери қызметшілер), Таулы Қарабахтағы этносаралық қақтығысты реттеуде – 45 АЕК (166 140 теңге).

«Ардагерлер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші қолданылатын басқа адамдар (тыл еңбеккерлері, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасылары, қайтыс болған ҰОС мүгедегінің жұбайы (зайыбы) – 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшерінде алады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button