ҰҚК Астана мен Алматыда арнайы операция жүргізді
Ұлттық қауіпсіздік комитеті шілде айында Астана мен Алматы қалаларында арнайы операция жүргізіп, 3 ірі есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Операция полициямен өзара іс-әрекетте және прокуратура органдарының үйлестіруімен өтті.
Аталған қылмыстар жасады деген күдік бойынша Қазақстанның 8 азаматы ұсталып, соттың санкциясымен қамауға алынды.
Тінту барысында 93 кг-нан астам синтетикалық есірткі, кристалдану сатысындағы 70 литр мефедрон, сондай-ақ 255 кг прекурсор мен зертханалық жабдықтар алынды.
«Қара» нарықта тәркіленген есірткінің құны 2 млрд теңгеден артықты құрауы мүмкін.
Қылмыстық Кодекстің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.