#Жаңа Қазақстан

Ұқшұ әскері шығарылды

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық бітімгер күштерін Қазақстан аумағынан шығару аяқталды. Бұл жөнінде Қорғаныс ми­нистрлігі халықаралық ынтымақтастық департаментінің басшысы Олжас Құсайынов мәлім етті.

[smartslider3 slider=1838]

«Қазіргі Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердің әскери қызметшілері жоқ. Елімізден ҰҚШҰ-ның біріккен бітімгершілік контингентін кезең-кезеңімен шығару биыл 13 қаңтардан бастап Қарулы күштердің Жоғары Бас қолбасшысы – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев белгілеген мерзімде жүзеге асырылды» деді министрлік өкілі.

 Бірлескен бітімгер контингенті Қазақстан аумағында ұжымдық қауіпсіздік туралы шарттың 2 және 4-баптарына сәйкес әрекет етті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button