Елорда тынысы

«Үркер» тұрғындары үміт артады

Мәжіліс депутаты Елдос Абаканов бастаған AMANAT партиясының бір топ өкілдері «Үркер» тұрғындарымен кездесті. Жиынға AMANAT партиясы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының атқарушы хатшысы Сақтаған Сәдуақасов, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Юсуп Келигов және қалалық партия штабының басқа да мүшелері қатысты.

[smartslider3 slider=3095]

Спикерлер Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен түзетулер туралы егжей-тегжейлі түсіндіріп, өзгеріске ұшырайтын әр баптың маңыздылығына тоқталды.

Елдос Абаканов Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы баяндама жасады. «Конституциялық реформаның аясында Ата Заңның әрбір үшінші бабы өзгереді деп жоспарлануда. Референдум – қоғамның жалпы көзқарасын, пікірін тануға, саяси біліктілігін арттыруға, қоғамның түйткілді мәселелерін қарастырып, оңтайлы шешім шығаруға арналған жүйе. Менің ойымша, Конституциялық өзгерістерден кейін халықтың мемлекеттік басқарудағы рөлі күшейіп келе жатыр. Қоғамдық бақылау күшею керек. Өйткені мемлекет пен қарапайым, белсенді тұрғындардың арасындағы тығыз қарым-қатынас болса ғана, мемлекет тыңдаушы болып, нағыз халық үніне құлақ асатын мемлекетке айналамыз. «Үркер» шағын ауданындағы бірқатар мәселелерді білемін, күрделі мәселелерді жүйелі шешуді қажет етеді, сондықтан бүгін сіздерге арнайы келіп отырмыз» деді өз сөзінде Мәжіліс депутаты.

Қазақстан халқы Ассам­блея­сы кеңесінің мүшесі Юсуп Келигов тұрғындардың өткір сұрақтарына тұшымды жауап беріп, өзгерістер мен толықтырулар аясындағы саяси ахуалдын жай-күйін тарқатты. 30 мыңға жуық халқы бар «Үркер» тұрғын алабындағы өзекті мәселелер  көтерілген келесі кездесуде ДШСК құрылысын аяқтау, балалар алаңының жоқтығы, кәріз құбырларын жөндеу, автобус бағыттарын өзгерту, әскери қалашық тұрғындарының құқықтық мәртебесінің шешілмей келе жатқаны айтылды. Спикерлер әр мәселеге баса тоқталып, жүйелі шешу жолдарын қарас­тыратынын айтты. Кездесу соңында тұрғындар «Жаңа Қазақстан» бағытындағы жолда халық үніне құлақ асатын мемлекеттің үздік нәтижесіне жететіне үміт артты.

 

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button