Шаһар шежіресі

Үрлемелі оркестр: кеше және бүгін

Кешегі Ақмола, Целиноград қаласының Тың игерушілер сарайы жанында өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап үрлемелі аспаптар оркестрі жұмыс істеді. Оған ұзақ жыл Қаз КСР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Юрий Дель жетекшілік етіп, өнер ұжымының бас дирижері болды.

[smartslider3 slider=3185]

Осы оркестрдің мұрагері – Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академия­лық филармониясының үрлемелі оркестрі. Бұл ұжым 2001 жылы құрылды. Оркестрдің алғашқы көркемдік жетекшісі және бас дирижері – Әкім Мұқатжанов. Ал тұңғыш директоры болған Қайролла Жұмакенов ұжымды құруда үлкен рөл атқарды. Әртүрлі кезеңдерде оркестрдің дирижерлері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Талғат Бердіғұлов, Александр Беляков, Тілек Ерғалиев, Валерий Скороход. Қазіргі уақытта оркестрдің бас дирижері – Вероника Дударова атындағы Бүкілресейлік оркестрлік дирижерлер байқауының І дәрежелі лауреаты Дархан Рахым­ғалиев.

[smartslider3 slider=3186]
Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button