Президент пәрмені

Ұрпақ денсаулығы – басты назарда

Надежда ПЕТУХОВА, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында мемлекеттің алдында тұрған жаңа міндеттерді айқындап берді. Осы жолғы Жолдауда ха­лықты сапалы және қолжетімді меди­циналық қызметтер көрсету­мен қамтамасыз ету, аурулар түрі­нің ба­рынша кең спектрін диаг­нос­ти­калау және емдеумен қам­тамасыз ету, медициналық білім беру жүйесін түбірімен жақсарту, медициналық жоғары оқу орындары жұмысының тәжірибелік ғылыми-зерттеушілік бөлігіне бас­ты маңыз беру сынды көптеген мәсе­лелер қамтылды. Өз елінің бола­шағын ойлаған мемлекет ең алдымен өскелең ұрпағының ден­­сау­лығына көңіл бөліп, солар­дың жағдайын жасайды. Осы маңыз­ды міндетті Елбасымыз да үнемі назарда ұстап, Жолдауында 16 жасқа дейінгі балаларды меди­циналық қызметтің барлық спектрі­мен қамту қажеттігін баса айтты. Бұл елдің келешегіне тұтқа бола­тын жеткіншектеріміздің дені сау, саламатты азаматтар болып өсуіне үлкен мүмкіндік беретін игі қадам екені сөзсіз.

Денсаулық – адамның ең басты байлығы. Сондықтан әр азамат өз денсаулығын күтіп, дер кезінде дәрігерге көрініп жүргені абзал. Ауруды емдегеннен, алдын алған жақсы. Президент өз Жол­дауында профилактикалық медицина аурудың алдын алудағы басты құрал болуға тиістігін нақтылап берді. Енді медицина саласының өкілдері отандық медицинаның дамуына, қызмет сапасын жақсартуға бір кісідей атсалысып, денсаулық мәселелерін шешуге барын салуы керек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button