ЖаңалықтарТағзым

Ұрпаққа – өнеге

Астана қалалық Тілдерді дамыту бас­қармасы Жеңіс мере­кесіне орай «Тұран» мей­рамханасында ел­ор­далық майдангерлер  мен соғыс жыл­дарында тылда еңбек еткен ардагерлерге  дас­тарқан жайып, «Аталар ерлігі – ұр­паққа аманат»  атты  игілікті шара өткізді. 

Ізгілікті шарада алдымен соғыстан оралмаған боздақтар мен бүгінде арамызда жоқ ардагерлердің рухына арнап, дұға бағыш­талды. Одан кейін Тіл бас­­қармасының бастығы Ті­леу­ғали Қышқашбаев өтіп отыр­ған шараның маңызына тоқталып, ардагерлерге ілтипатты лебізін білдірді. Республикалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев сол соғыс бұлты төнген жылдардағы қазақ­стандықтардың ерен ерлігі мен жанқиярлық еңбегі жайында тереңірек сөз қозғады.
– Біз ол күндерді ешқашан ұмытпаймыз. Соғысқа елі­мізден миллионнан астам адам аттанды. Солардың 700 мыңы елге оралды. Бейбіт күнде туған жердің дамуына ерекше үлес қосты. Бүгінде ардагерлердің тең жартысы төсекке таңылып, үйде жатыр. Сондықтан арамызда жүрген майдан­герлерді аялайық. Бір ғана осы Астана табанынан 47 Кеңес Одағының батыры, 7 Даңқ орденінің толық иегері атанған азаматтар шықты, – деді Ардагерлер кеңесінің төрағасы.
Сондай-ақ, елордадағы Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының әртістері қо­нақтарға соғыс кезінде жа­зылған ақындардың өлең­дерін оқып, майдан ән­дерін шырқады. Бауыр­жан Момышұлының ана тіліміз туралы айтқан толғамдары айтылды. Соғыс ардагері Мінайдар Боранбаев жас­тарға батасын берді. Тұ­жы­рып айтқанда, әдемі кештен қариялардың көңілі бір көтеріліп қайтты.

Азамат ЕСЕНЖОЛ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button