Ұрпақтар сабақтастығын сақтайық

– Ұлттық құрылтайда азаматтық қоғам, мәдениет пен руханият, білім мен ғылым, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық даму бағыттары талқыланды.
Құрылтайдың басты мақсаты – қоғамды біріктіру үшін маңызды идеялар мен шешімдерді ұсыну. Ерекшелігі де сол, жиынға әртүрлі өңірлер мен түрлі салалардың өкілдері, яғни ғалымдар, мұғалімдер, дәрігерлер, мәдениет және спорт қайраткерлері, журналистер, үкіметтік емес ұйым мүшелері мен жастар көшбасшылары қатысты. Бұл әртүрлі пікірлерді ескеріп, халықтың мүддесін қорғауға көмектеседі.
Айта кету керек, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына дайындық елдің тарихи жадын жаңғыртып, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған. Бұл мереке – тек өткенді еске алу ғана емес, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын нығайтудың маңызды құралы. Осыған байланысты батырлық пен Отан алдындағы борышты дәріптейтін көптеген іс-шаралар өтеді. Ал білім мен рухани даму мәселелері құрылтайдың алғашқы күнінен бастап негізгі тақырыптардың бірі болды.
Жалпы, көтерілген бастамалар мемлекеттің әлеуметтік мәселелермен күрестегі жүйелі әрі тиімді ұстанымын көрсетеді. Қауіпсіз, әділетті және рухани бай қоғам құру – баршамыздың ортақ мақсатымыз.
Асхат НАЛШЫБЕК,
елордалық «Жас сарбаз» қозғалысының төрағасы