ӘлеуметТағзым

ҰРПАҚТАР ҰЛАҒАТЫ

ERA_2885

Ұлы Отан соғысы майдангерлеріне құрмет көрсету, ерлікке тағзым ету халқымыздың берік дәстүріне айналған. Бүгінгі таңда еліміздің барлық елді мекендерінде, оқу орындары мен мекемелерінде ардагерлерге арналған шаралар ұйымдастырылып жатыр.

Сондай игі шараның бірін Астана қаласы Есіл аудандық Ардагерлер кеңесі ұйымдастырды. Қаладағы №65 мектеп-гимназияда «Майдангер ұрпақтар кездесуі» атты тағылымды шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қадан Бекенов, Леонид Картаузов, тыл еңбеккерлері Барлыбай Әбелдинов, Роза Бисенова, сонымен қатар, Ауғанстан соғысына қатысқан жауынгер-интернационалистер Амангелді Хасенов, Болат Ермұханов және Ғалым Нұртаев құрметті қонақ ретінде шақырылды. Мектеп мұғалімдері мен оқушылары қатысқан басқосуда Отан үшін айқасқа түскен майдангерлер соғыс барысындағы отандастар ерлігін айтса, Жеңіс үшін қажырлы еңбектің бейнетін әңгімеледі. Жауынгер-нтернационалистер де Ауғанстан соғысының тауқыметі жайлы ойларын ортаға салды.

Жас ұрпақтың бойына отандық патриотизмнің ұшқынын тұтатқан жүздесуден тағылымды әсер алған оқушылар аға буынға ризашылықтарын ән-күймен білдірді. Кездесу соңында қонақтарға Есіл аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Рысты Атығаева аудан әкімдігі атынан сый-сияпат ұсынды. Сонымен қатар, қос майданның ар­дагерлері Наурыз мейрамына орай жайылған мерекелік дастарқаннан дәм татты.

Ғалым ҚОЖАБЕКОВ

 

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button