Экономика

ҮШ ЕЛДІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МҮДДЕ ТОҒЫСТЫРАДЫ

УШ ЕЛ

29 мамыр күні Қазақстан, Ресей, Беларусь елдерінің президенттері Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы­ келісімге қол қояды.
Әлемдік саясаттанушылар­ «Дамудың жаңа динамикасына­» балап отырған бұл интеграциялық қадам үш елдің экономикасын­ серпінді дамытады деген сенім бар.

Бүгінге дейін Қазақ елі де, Ресей мен Беларусь Республикасыда жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің күрделі де қайшылықты кезеңдерінен өтті. Жиырма жылдың ішінде әр ел өз бетінше әлемдік деңгейдегі сауда-экономикалық байланстар түзіп, дүние жүзі экономикасында өз орнын табуға ұмтылды. Бірақ көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқан әлемдік өркениетке жекедара жүріп ілесу оңай еместігін қай ел де түсінген жайы бар. Экономикалық одақ құруға біз енді кіріскелі жатқанымыз болмаса, дүние жүзіндегі күллі мемлекет баяғыда бір-бірімен одақтасып өмір сүріп жатыр. Ресми мәліметке сүйенсек, төрткүл дүниеде 300-ге тарта сауда-экономикалық одақ, еркін сауда айналымы мен ортақ рыноктар бар екен.

Еуразиялық интеграция – қазіргідей дағдарыстың қауіп-қатерінен құтылудың, жаһандану үдерісіне жұтылып кетпей, әзірлікпен кірігудің бірден-бір ұтымды жолы болып тұр. «Біз ХХІ ғасырда бірге технологиялық секіріс жасау үшін экономикалық одақ құрмақпыз. Үш ел жаһандық бәсекелестікке төтеп беруде бір-біріне көмектесу үшін интеграцияланатын болады. Оның қатаң болатынына ешқандай күмән жоқ. Мен ХХІ ғасырда еуразиялық интеграцияға басқа стратегиялық тиімді балама жоқтығына сенімдімін» деген еді Елбасы.

Елбасы жиырма жыл бұрын М.Ло­мо­носов атындағы Мәскеу мем­ле­кет­тік университетінің қабырғасында алғаш рет уақыт талабына сай жаңа ин­тегра­циялық бірлестік – Еуразиялық эко­но­ми­калық одақ құру туралы идеяны ұсынғаны белгілі.

Интеграцияның алғашқы қадамы Кедендік одақтың құрылуы болды. Соның нәтижесінде үш елдің ішкі сауда қарым-қатынасы белсенді дамыды. Әлемдік экономика деңгейінің төмендеуіне қарамастан, былтыр Кедендік одақ аясындағы тауар айналымы 64,1 миллиард теңгеге өсті.

БЕДЕЛСӨЗ

маулен АшимбаевМәуленӘШІМБАЕВ, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, халықаралық істер жөніндегі комитет төрағасы:

Еркін аймақ – халыққа пайдалы

–Еркін сауда ай­на­лымы. Мұн­да ешбір тариф, шек­­­теу­­лер­сіз тауар айна­лы­мының ауқымы артады. Мәселен, одақ ішіндегі мем­ле­кет­тер­дің импортынақосымша баж салығын салмасақ, дүкендеріміздегі тауардыңқұны да 10-20% пайызға арзан болады. Бұл халыққа пайдалы. Сәйкесінше, Ресей, Беларусь нарығына шығарылып жатқанқазақстандықөнімге де кедендік төлем болмайды. Бұдан аңғаратынымыз, құны жағынан отандық бизнестің бәсекегеқабілет­тілігі артады. Тағы бір маңызды жайт, көрші елдегі туыстарына тұрғындар оңай жетіп, іскер азаматтар шекарадан еркінөте алатын болады.

Сондай-ақ, одақтас мемлекеттермен арадағы экономикалық бай­ла­ны­сымыз ел егемендігіне нұқсан кел­­тір­­меуі тиіс. Кедендік Одақ, ЕЭО аясындақарымқатынас ор­нат­­қан­­дар­дың бәрі геосаяси, саяси мақсатты емес, экономикалық пай­да­лылығын ескеруіқажет және бұл кеңіс­тіктеәрбірқатысушы тарап­тыңұлттыққұндылықтары, қызы­ғу­шы­лығы ескерілуі керек. Бұдан бөлек, Еуразиялық экономикалық одақүш елдіңғана арасындақалыпқоймай, алдағы уақыттаҚыр­ғыс­тан, Тәжікстан және Кавказ аймағының елдерін деқатарғақосады дегенүміт бар.

Ал, былтыр басталған Бірыңғай экономикалық кеңістіктің құрылуы бірлескен кәсіпорындардың көбейіп, кәсіпкерлердің бір-бірімен тәжірибе алмасып, қажетті кадрларды, жаңа жоба­лар­ды бірге дайындауына жол ашты. Айталық, Ресейден Қазақстанға зауыттар келіп, қолайлы кәсіпкерлік орта қалыптастыруға септігін тигізді. Ал, қазақстандық капитал Ресейге қарай бет бұрып, осы елдің құрылысын, логистика саласын инвестициялай бас­тады. Беларустар да қарап қалмай, Ресейдің тамақ өнеркәсібін дамы­туға өзіндік үлес қосса, Қазақ еліне меди­ци­налық техника, трактор мен авто­кө­лік­тер шығаратын өндіріс орындарын салып жатыр.

Енді жаңа одақ құрылғаннан кейін қазақстандық кәсіпкерлерге Ресей мен Беларустың мемлекеттік сатып алуларына қатысуға жол ашылады. Оның көлемі 200 миллиард долларды құрайды.

Түйіндей айтқанда, Қазақстан үшін Еуразиялық ынтымақтастықтың маңыз­ды­лығы зор. Мұнда үш елді экономикалық мүдде тоғыстырады.

Қымбат ТОҚТАМҰРАТ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button