Мәдениет

Үш мемлекетте министр болған

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновке арналған «Ұлт рухын қайта түлеткен қайраткер» атты еске алу кеші өтті.

Темірбек Жүргенов өткен ғасырдың отызыншы жылдары Қазақстан үкіметінің халық ағарту комиссары қызметіне тағайындалып, айналасы үш-төрт жылдың ішінде еліміздегі мәдениет, әдебиет, өнер салаларының биікке көтерілуіне өлшеусіз үлес қосты. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік акдемиялық опера және балет театры, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университет сынды қазіргі белді, белгілі жоғары оқу орындары Темірбек Жүргеновтің тікелей араласуымен сол кезде бой көтерді. Ол Қазақстанда 400 орта мектеп салдырса, Алматының өзінде 18 мектептің салынуына мұрындық болды.
1936 жылы Мәскеуде табысты өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне басшылық етті. Темірбек Жүргеновтің бір ғажап қасиеті, ол үш мемлекетте халық комиссары болды. Тәжікстанда – қаржы комиссары, Өзбекстанда және Қазақстанда – халық ағарту комиссары. Оның үстіне, еліміздің үкіметі жанындағы мәдени істер жөніндегі комитетті басқарды. Бұл комитет деп аталғанымен, шын мәнінде қазіргі Мәдениет министрлігі еді. Сонда Темірбек Жүргенов Қазақстанда екі министрдің функциясын атқарған» деді Мәжіліс депутаты Сауытбек Абдрахманов.
Шарада Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы, Темірбек Жүргенов атындағы қоғамдық қор төрағасы Сәпен Аңсат, ғалым, қоғам қайраткері Әбдіжәлел Бәкір, белгілі публицист Нұртөре Жүсіп Темірбек Жүргенов туралы ой өрбітті.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button