Жаңалықтар
Үш тілде жарық көрді

Елордада Абайдың үш тілге аударылған қара сөздері жарыққа шықты.
[smartslider3 slider=1496]
Аталған кітап – ПЕН-клубтың «Біз қазақпыз…» деген атаумен жарық көрген қазақ классиктері кітаптар топтамасының жалғасы. Соңғы жылдары халықаралық қазақ ПЕН-клубы АҚШ пен Англияда қазақ классиктерінің оннан астам кітабына көркем аударма жасау және басып шығару жұмыстарын ұйымдастырды. Ал еңбекті аудару және басып шығару ісіне Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі мен әкімдік жанындағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесі қолдау білдірді.