Жаңалықтар

Үш жылдық бюджет бекітілді

Кеше Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының хатшысы Ерлан Каналимовтың төрағалығымен өткен кезекті сессияда елорда­ның 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті бекітілді. Сессияға Парламент Сенатының депутаты Ақылбек Күрішбаев, қала әкімінің орынбасары Нұрлан Солтамбеков қатысты.

[smartslider3 slider=1454]

Қалалық Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараевтың баяндауынша, үш жылдық бюджет жобасы Мемлекет басшысының Жолдауындағы тапсыр­маларға, Нұр-Сұлтан қаласын 2050 жылға дейін дамытудың стратегиясына, шаһардың 2023 жылға дейінгі кешенді жоспарына сәйкес әзірленді. Бұл құжат бастапқыда қалалық Қоғамдық кеңестің және қалалық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырыстарында қаралып, мақұлданды.

Қаланы дамытудағы биылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне тоқталған баяндамашы оң көрсеткіштер бюджет кірісін арттыруға мүмкіндік бергенін айтты.

– Болжамдарға сәйкес, 2022-2024 жылдары жеке кірістер, пәтерлерді сатудан түсетін табысты есептемегенде, 1 триллион 222 миллиард теңге болады. Соның ішінде 2022 жылы 405,6 миллиард, 2023 жылы 416 миллиард, 2024 жылы 401 миллиард теңге болмақ. Ал салық түсімдері 1 триллион 166 миллиард теңгені, салықтық емес түсімдер, айыппұлдарды есептемегенде, 9,1 миллиард теңгені құрамақ, – деді Қ.Маңқараев.

Басқарма басшысы шығыстар көлемі туралы да айтып, республикалық бюджеттен мақсатты трансферттер бөлінетінін баяндады. Одан кейін қала әкімдігі аппаратынан бастап, аудандар әкімдіктеріне, қалалық басқармалар мен департаменттерге алдағы үш жылдық бюджетте қарастырылған қаржы көлеміне тоқталды. Жалпы 2022-2024 жылдарға арналған қала бюджетінің жалпы сомасы 1 трлн 222 млрд теңгені құрады. Соның ішінде 2022 жылдың бюджеті – 405,6 млрд теңге.

Үш жылдық бюджет бойынша қорытынды баяндаманы қалалық мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы ­Нұрлан Көпешов жасады. Ол мәслихаттың тұрақты комиссиялар отырыстарында бюджет бойынша депутаттардың ұсыныстарымен таныстырды.

Сондай-ақ сессия барысында жер телімдерін мемлекет мұқтажы үшін алу, мемлекеттік-жекеменшік әріптес­тік аясында алты мектеп құрылысы мәселелері қаралып, бірқатар қалалық комиссиялар құрамы, мәслихаттың 2022 жылға арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button