Ел тынысы

Ұшақ Қазақстаннан тыс жерде зақымданған – Вице-премьер Ақтау маңында болған ұшақ апаты туралы

Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines ұшағы Қазақстаннан тыс жерде зақымданған. Бұл туралы Үкіметтік комиссияның жетекшісі Қанат Бозымбаев айтты, деп хабарлады astana-akshamy.kz  Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Қазір алдын ала мәлімет бойынша, сарапшылар ұшақ Қазақстанның әуе кеңістігінен тыс жерде зақымданған деген қорытындыға келіп отыр. Осыған байланысты жедел-тергеу тобы түрлі сараптамалар тағайындады. Бұған дейін сот-медициналық және гистологиялық сараптамалар тағайындалған. Cонымен қатар молекулярлық-генетикалық сараптама тағайындалды», – дейді Қанат Бозымбаев.

Оның айтуынша, қазір кешенді сот-медициналық, баллистикалық және жарылғыш заттарға сараптама тағайындалды.

«Яғни, қашан жарылыс болды, жарылысқа не себеп болды. Сараптама бізге нақты жауап беруі керек. Сараптама қорытындысы туралы қоғамға – Қазақстанға, әлемге хабарлайтын боламыз. Біз халықаралық ережелер мен нормаларды сақтай отырып, тергеу барысында барлық мән-жай туралы хабарлаймыз, бұл бірінші кезекте Чикаго конвенциясы мен ИКАО нормалары», – деді Премьер-Министрдің орынбасары.

Сондай-ақ Қанат Бозымбаев ұшақ апатында қаза тапқандардың барлығының кім екені әлі анықталмағанын айтты. Қазіргі уақытта генетикалық зерттеулер жүргізіліп жатыр.

 

Байланысты жаңалық

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button