ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ҰШАҚТАР ТҮСТЕН КЕЙІН ҰШАДЫ

901641

Ертеңнен бастап 25 мамырға дейін Астанадан ұшырылатын әуе рейстері KADEX-2014 көрмесінің аясында өтетін оқу-жаттығуларға байланысты түстен кейінгі уақытқа ауыстырылды. Бұл туралы «Астана халықаралық әуежайы» АҚ сайтында хабарланды.

Астанада өтетін KADEX-2014 көрмесіне 220-дан астам компания қатысады деп күтілуде. Көрме аясында Ресей әскери әуе күштеріне қарасты МиГ-29 және СУ-27 ұшақтарының жоғары пилотажды көрсетілімдері жоспарланып отыр. Сонымен қатар, әскери техника тақырыбындағы конференциялар, семинарлар, тұсаукесерлер және басқа да шаралар ұйым­дастырылады.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button