Жаңалықтар

Үшінші тоқсанда онлайн оқиды

Еліміздің үш қаласында мектеп оқушылары сабақты онлайн форматта оқиды. Бұл туралы ҚР білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Гүлмира Каримова мәлім етті.

[smartslider3 slider=1812]

«Мектептерде үшінші тоқсан басталды, ол 18 наурызға дейін жалғасады. Оқу әртүрлі форматта болады. Біздің министрліктің ұстанымы мектеп оқушыларының дәстүрлі форматта оқығаны және сол үшін де бар жағдайды жасайды. Дегенмен эпиджағдайдың күрделене түсуіне байланысты еліміздің үш қаласында Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте оқушылар қашықтан, яғни онлайн форматта оқитын болады. Қазіргі уақытта мектептерді техникалық тұрғыдан қамту жұмысы аяқталып жатыр» деді Гүлмира Каримова ОКҚ-де онлайн өткен баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, басқа өңірлерде де 600-ден көп оқушысы бар мектептер қашықтан оқуға көшуі тиіс. «1-2 сынып оқушылары олардың жас ерекшелігін ескере отырып сабақты мектепке келіп оқиды. 3-5 сынып оқушылары кезекші топ форматында білім алады. Ал қалған сыныптар қашықтан оқуға көшуі тиіс. Сондай-ақ мектепте 600 оқушыдан аз болса, ол мектепке дәстүрлі форматта білім беруге рұқсат» деді комитет төрайымы.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button