Мәдениет

Ұшқыш қыздар сабақтастығы

Елорданың төрінде есімі аңызға айналған қазақтың ұшқыш қызы, Халық қаһарманы Хиуаз Доспановаға арналған көшпелі көрме Атыраудан келіп, есігін айқара ашты. Бұл шара Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 30 жылдығы мен батырдың туғанына 100 жыл толуына орай өткізіліп отыр.

[smartslider3 slider=2818]

Атырау облыстық тарихи өлкетану музейі басшысының міндетін уақытша атқарушы Динара Бисем­баеваның айтуынша, көп­шілік назарына Хиуаз Дос­панованың құжаттары, жеке заттары мен басқа да жәдігерлер ұсынылған. Сонымен қатар бұл көрме Атырау өңірінен шыққан Кеңес Одағы Батырлары мен жауынгерлік «Даңқ» орденінің толық иегерлері туралы да сыр шертеді.

Шараның ашылу салтанатында сөз алған ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары, полковник Серғазы Әлімқұлов былай деді:

– Үш жүзден астам аспандағы шайқасқа қатысқан ержүрек қазақ қызының ұшағы 14 рет апатқа ұшыраған екен. Оның төртеуінде ол ауыр жарақат алған. Алайда есін жиысымен, жарақаты жазылар-жазылмастан, қайта көкке көтеріліп отырған. Хиуаз Доспанованың ерлікке толы өмірі – біздің жас ұшқыштар үшін үлгі-өнеге. Оның бүгінгі ізбасары, қазақ қыздары ішінен шыққан тұңғыш қазіргі заманғы жойғыш ұшақ экипажының командирі, аға лейтенант Ардана Ботай да ортамызда отыр.

ҚР ҚК Әскери-тарихи музейінде өткен көрменің ашылуына Хиуаз Доспанова­ның ұлы Ерболат ағамыз да қатысып, естелік айтты. Көшпелі көрме астаналықтар мен қала қонақтары үшін 2 мамыр­ға дейін жұмыс істейді.

Әбубәкір Смайылов

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button