Жаңалықтар

ҮШЖАҚТЫ КОМИССИЯ КЕҢЕС ҚҰРДЫ

IMG_3628

Астана қаласы әкімдігінде қала әкімінің орынбасары Аида Балаеваның төрағалық етуімен әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі қалалық үшжақты комиссияның кезекті отырысы болып өтті.

Онда ел Президентінің «Қазақстан-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен әлеуметтік жағынан аз қамтылған тұрғындарға көңіл аудару және басқа да әлеуметтік мәселелер талқыланды. Сонымен қатар комиссияның 2013 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2014 жылғы жұмыс жоспары бекітілді.

Жиында А.Балаева: «Құрылыс компания­ларында әлі күнге дейін кәсіподақ ұйымы деген атымен жоқ. Сонымен қатар, адам құқы­ғын бұзушылық бизнес құрылымдарында да кез­деседі. Осыған байланысты Кәсіпкерлер палатасы мен Жұмысшылар одағын мәселені бірлесіп шешуге шақырамын» деді.

Үшжақты комиссия отырысында, сондай-ақ,негізгі азық-түлік өнімдеріне бағаның жасанды өсуін болдырмау және ҚР Еңбек кодексінің нормалары мен ережелерін орындау барысы мәселелері талқыланды.

Тұрғындардың әртүрлі әлеуметтік мәселе­лерін жедел шешу жолында Астана қалалық әкімдігі комиссия отырысын жиі өткізіп тұруға даяр. Әлеуметтік маңызы бар мәселелер комиссияның 2014 жылғы жұмыс жоспарында да қаралады.

Нұрислам Құспанғали

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button