Басты ақпарат

Ұстаздың ұлы келбеті

Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай елордада «Ұстаздың ұлы келбеті – Ыбырай» тақырыбында қалалық конференция өтті.

[smartslider3 slider=1593]

Ұлт ұстазы Ы.Алтынсарин – қазақ педагогикасының іргетасын қалаушы. Ағартушының асыл мұрасын зерттеу және оның идеяларын қазіргі білім беру жүйесінде жүзеге асыру – заман талабы. Конференцияның мақсаты – білім беру саласының дамуында Ы.Алтынсариннің өмірі мен іс-әрекеті арқылы оның ойшыл-философиялық көзқарасын насихаттау. Диалог алаңына елордалық үздік педагогтар қатысты.

Іс-шара барысында балалар музыка мектебінің домбырашылар ансамблі қазақ әндерін орындады. Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған «Ұстаздың ұлы келбеті – Ыбырай» атты жас суретшілер байқауының жеңімпаздары үздік жұмыстарын көрмеде көрсетті және Нұр-Сұлтан қаласының №2 өнер мектебінің педагогтары, «Айналайын» балалар хоры ағартушыға арналған авторлық шығармаларды орындады.

Сондай-ақ конференцияға республикамыздың білім беру жүйесінің басшылары мен мамандары, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің және қоғамдық ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, ғылыми орталықтардың, білім беру ұйымдарының педагогтары мен Ы.Алтынсарин төсбелгісінің иегерлері қатысты.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button