БілімЖаңалықтар

Ұстазға құрмет үзілмейді

М.Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Астана қаласы Білім басқармасының ұйымдастыруымен «Жұлдызды шашу» атты фестиваль өтті. Елордалық ұстаздарға арналған шараға білім саласының үздік қызметкерлері мен мекеме басшылары қатысты.

Басқосуда басқарма бастығы Әсима Бимендина сөз алып, мұғалімдерді жаңа оқу жылымен құттықтады. Ұзақ жылдар еңбек етіп, есімдері «Алтын қорға» енген ұстаздарға ризашылығын білдірді. Сонымен қатар, ҰБТ қорытындысы бойынша оқушылары жоғары балл алған, ғылыми жобалары үздік шыққан оқытушыларға гүл шоқтарын ұсынды.

Осы шара барысында бірқатар мұғалімдер «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 20 жыл» медалімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хат­пен марапатталды. Ал, өткен оқу жылында спартакиадалар мен «Дидарлы жаз» атты балалардың жазғы демалысын жоғары деңгейде ұйымдастырған №31, 32, 27, 40 орта мектептер, политехникалық, гуманитарлық және сауда-экономикалық колледждеріне ауы­спалы кубоктар мен дипломдар тапсырылды.

Салтанатты кеш «Созвез­дие» балдық би ансамблінің, Астана қаласы Мемлекеттік филармониясының өнерімен жалғасты.

Саян ЕСЖАН

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button