Мәдениет

«Ұстазым – ұлағатты өнегем»

Елордада «Ұстазым – ұлағатты өнегем» мерекелік концерті өтті. Мұғалімдердің құрметіне арналған салтанатты кеште әлемдік классиканың өшпес жауһарлары, мұғалімдерге және олардың баға жетпес еңбегіне арналған танымал композициялар орындалды.

[smartslider3 slider=529]

Мереке қарсаңында Қостанайда «Үздік педагог-2021» республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Оның қорытындысы бойынша 5 елордалық мұғалім жеңімпаздар тізіміне енді. Олардың қатарында: №28 «Жұлдыз» санаториялық балабақшасының қазақ тілі мұғалімі Гүлшат Тұтқышева, Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 орта мектебінің география пәні мұғалімі Сарвар Құлметов, №1 Балалар музыка мектебінің хореография бөлімінің меңгерушісі Бағдина Секербек, Көлік және коммуникация жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Шолпан Бабаева, кәсіптік-техникалық колледждің өндірістік оқыту шебері Бейбіт Бибосынов бар.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button