Қала тіршілігі

Ұсынысқа құлақ түреді

Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы әкімінің аппараты «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы бойынша өтінімдер қабылдауды бастады. Биыл осы жоба аясында тұрғындар ұсынатын аудан учаскелерін абаттандыру мен жарықтандыруға қаражат бөлінетін болады.

[smartslider3 slider=274]

Халық қатысатын бюджет – бұл аумақтарды тиімді басқару үшін қала тұрғындары мен жергілікті атқарушы органдардың ынтымақтастығы. Жобаның өзектілігі – кез келген адам қалалық ортаны дамыту бойынша өз идеясын ұсына алады. Егер бастаманы басқа тұрғындар дауыс беру барысында қолдаса, онда ол қалалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Байқоңыр ауданының кәмелетке толған барлық тұрғындары өз ұсыныстарын жолдай алады.
Ауданды жақсарту бойынша ұсыныстарды әкімдіктің
www.baikonyr-astana.kz ресми сайтындағы «Халық қатысатын бюджет» бөліміне жолдауға болады. Ұсынысты жіберу үшін өтінімді толтыру (жобаның атауын, оның сипаттамасын көрсету), эскиз бен сметаны (бағдарлы), ағымдағы жай-күйдің фотосуреттерін бекіту қажет, сондай-ақ қаласаңыз, өз идеяңыздың ұсынымын қоса беруге болады.
Сараптамалық кеңес шешімінің нәтижелері ашық көздерде жарияланатын болады. Жобалық ұсыныстардың іске асырылу барысы туралы ақпарат, сондай-ақ оларды іске асыру қорытындылары Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының интернет-ресурстарында жарияланады. Өтінімдерді қабылдау 2022 жылғы 10 наурызға дейін жалғасады.
Айта кетейік, биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша құны 2-ден 30 млн теңгеге дейінгі 9 жоба іске асырылды.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button