UWW президенті елордадағы спорт нысандарын аралады

Қазақстанға ресми сапармен келген Біріккен күрес әлемі халықаралық федерациясының президенті Ненад Лалович елордадағы спорт нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Ненад мырза алдымен 2020 жылдың соңына қарай пайдалануға берілген Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенін аралап көрді. Спорт кешені Халықаралық жеңіл атлетика федерациясының (IAAF) сертификатына ие. Бұл сертификат мұнда ең жоғары деңгейдегі кез келген жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді. Кешенде жүгіру жолдары бар атлетикалық алаң, бассейн, қонақ үй, балалар алаңы, фуд-корт, тренажер залы, ядро лақтыру алаңы, биіктікке және ұзындыққа секіруге арналған жаттығу алаңдары орналасқан.
Сондай-ақ Біріккен күрес әлемі халықаралық федерациясының президенті Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайына барды. Жекпе-жек сарайы – күрес түрлерінен (грек-рим, еркін, әйелдер күресі, дзюдо, каратэ, таэквондо, аралас жекпе-жек) халықаралық жарыстарды өткізу мүмкіндігі бар бірегей спорт кешені.
– деп атап өтті Ненад Лалович.