Басты ақпаратЖаңалықтар

Үздік әртістер үкіленді

Дүниежүзілік театр күніне орай Астананың үздік әртістері «Жастар» театрында бас қосып, мерекелік қойылымды тамашалады. Бағдарлама барысында елорда әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев шығармашылық ұжымды құттықтап, шалқар шабыт пен толағай табыс тіледі.

ERM_9077

– Театр – жаңа бояулармен, сиқырлы дыбыстармен және сахналық құбылыстармен баурап алатын ұлы өнер. Сіздерді, әріптестерімді осынау керемет мейраммен шын жүректен құттықтаймын. Мұнда елорданың мәдени өмірінің маңызды бөлігіне айналған театр қызметкерлері жиналды. Соңғы жылдары театрларымыз халықаралық фестивальдерде топ жарып жүр. Бұл – сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен таланттарыңыздың арқасы, – деді Ермек Аманшаев. Одан соң Астанадағы үздік жеті театрдың әртістеріне елорда әкімі Әділбек Жақсыбековтің атынан алғыс хаттар табыстап, бағалы сыйлықтармен марапаттады. Олардың арасында Айман Қарпсейітова, Жасұлан Ерболат, Сергей Матвеев, Бақыт Хаджыбаев сынды дарынды әртістер бар.
Шара аясында Қ.Қуанышбаев атындағы мем­лекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театры, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры, «Жастар» театры, Көңілді тапқырлар театры, Қуыршақтар театры, «Наз» мемлекеттік би театры өз өнерлерін паш етіп, жұртшылықты арқа-жарқа көңіл-күйге бөледі.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button