Жаңалықтар

Үздік бастауыш ұйымдар марапатталды

Астана қаласында «Үз­дік бастауыш партия ұйы­мы» байқауының жеңім­паздары анықталды. «Нұр Отан» партиясының ұйымдастыруымен өткізі­ліп отырған бұл байқау «100 нақты қадам» Ұлт жоспары бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр.


16

Конкурсқа соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне, аз қамтылған және көпбалалы отбасылар, сондай-ақ жетімдерге көмек беру секілді көптеген игі істер жасап отырған баста­уыш партия ұйымдары қатысты. «Бұл байқаудың негізгі мақсаты еліміздегі әлеуметтік проблемаларды шешу және азаматтардың күнделікті өмірін жақсарту жолында партиямызбен иық тірестіре жұмыс істеп жатқан қоғамдық ұйымдарды анықтау болатын. Нәтижесінде партиямыздың Астана қалалық филиалы қатарындағы 350-ге жуық бастауыш партия ұйымы арасынан іріктеліп алға шыққан 17 мекеме республикалық байқауға жолдама алып отыр» дейді Нұр Отан партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еділ Мамытбеков.
Жеңімпаздарға жеңіс кубоктары табыс етіліп, белсене қатысқан өзге де бастауыш партия ұйымдарына алғыс хаттар берілді.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button