Жаңалықтар

Үздік ондықта – үш мектеп

Биылғы  Ұлттық  бірыңғай  тестілеудің  орташа  балы  елорданың  білім  саласы  үшін  көңіл көншітерліктей.  Қорытындыға сәйкес Астананың үш мектебі республикамыздағы  үздік  мамандандырылған  мектептер ондығына енген.

«Дарын» мамандандырылған лицейінде ҰБТ-ның орташа балы 113-ті, дарынды балаларға арналған № 9 «Зерде» мектебінің орташа көрсеткіші 111,98 балды және дарынды қыздарға арналған Қазақ-түрік лицейінде 111,63 балды құрап, аталған мектептер көш басына шықты. Былтырғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысында дарынды балаларға арналған №9 «Зерде» мектебі үздік мамандандырылғандар тізіміне енбей қалған еді. Биыл межелі биіктен көрініп отыр.
Жалпы, еліміздегі дарынды балаларға арналған 124 мектеп болса, соның бесеуі елордада орналасқан. Оның қатарында дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейі мен № 81 «Astana English School» гимназиясы бар.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button