Басты ақпарат

Үздік оқушы

Мирлан САҒАТ елордадағы Ascend мекте­бінің 1-сыныбын тәмамдады. ­Мирлан автобус­та жолақысын төлемейтіндерді, яғни әр қоғамдық көлікте қанша адам жүретінін, ­нешеуі төлемегенін есептей алады.

[smartslider3 slider=1946]

7 жаста болса да, ғылымға қызығушылығы жоғары. Күрделі теңдеуді шешкенді ұнатады.

– Қаладағы №10, 13, 16, 18, 20, 70 автобустарына жиі мінемін. Есептеуім бойынша, әдетте, бір күнде автобус жеті айналым жасайды. Адам бір айналым үшін 3032 теңге, ал бір күн үшін 23940 теңге төлемейді. Жалпы сомасы 718200 теңге болады. Сонымен қатар жүргізушіден №70 автобустың 15-і бар екенін білдім. Сөйтіп, 15 автобусты 718200 теңгеге көбейтіп, 10 млн 773 теңге шығынға ұшырайтынын анықтадым. Ойлаңызшы, сонда бір жыл ішінде 1 адамның жолақысын төлемеуінен 57 млн теңгеден астам сома шығады, – деп таңғалдырды ол.

[smartslider3 slider=3205]

Жас математиктің айтуынша, жолақысын көбінесе ересектер төлемейді.

– Кейде жолаушылар автобусқа кіріп, төлем жасаған секілді болады. Ешкімді алдап керек емес. Жолақысы төленбесе, барлығына зиян келеді. Мәселен, автобусқа алынатын қосалқы бөлшек пен жүргізуші жалақысы осы ақшаға байланысты болады. Адамдардың неге жолақысын төлемейтініне таңғаламын. Бар болғаны 90 теңге ғой. Егер бұған келіспесе, жеке көлігімен жүру керек. Меніңше, қазір автобуста мұндай адамдар көбейді. Сол үшін бақылаушылар болуы тиіс. Сол кезде автопарк шығыны аз болады, – деді Мирлан.

Оның мектептегі сүйікті пәндері: қазақ тілі, дене шынықтыру және математика.

– Әзірше үйірмеге бармаймын. Себебі дәл қазір немен айналысатынымды анықтамадым. Бұрын шахмат пен ағылшын тіліне қатыстым, – деді жас математик.

Мирлан бос уақытында достарымен серуендеп, сурет салғанды, футбол ойнағанды ұнатады. Арманы – ғарышкер болу.

– Сыныбымда ғарыш туралы менімен бірге армандайтын бала бар. Біз есейген соң ғарышқа бірге ұшқымыз келеді. Мәселен, мен Марсқа, Айға, Венера мен Сатурнға барғым келеді. Қазір әлем астаналарын жаттап жүрмін. Сосын жаттаған мемлекетімді картадан іздеймін. Көлемі жағынан үлкен мемлекеттен әзірге Жапония, Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қытайды білемін, – деді ол.

Мирлан саяхаттағанды жақсы көреді. Ата-анасымен еліміздің бірнеше қаласына барған. Соның ішінде Павлодар қаласы оған қатты ұнапты.

– Ақтау, Красногорка, Алматы, Көкшетау қалаларын білемін. Отбасыммен бірге Герасимовка, Алматы, Талдықорған, Павлодар, Ақтауда болдым. Маған соның ішінде Павлодар қаласы ұнады. Ол жерде бір күн болсақ та, жап-жасыл екенін байқадым. Сондай-ақ трамвайлары ерекше. Бірақ Нұр-Сұлтанды бәрінен де қатты жақсы көремін, – деді жас математик.

Айзада Жайыққызы

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button