2022 - Балалар жылы

Үздік оқушы

[smartslider3 slider=2012]

 

Ниссаим Нұрбосын – білім алуда ерекше қажеттілігі бар оқушылардың бірі. Қазір №8 мектеп-лицейінің 5-сынып оқушысы. Ниссаим бізді көрген сәтте атымызды сұрады. Мінезінің өте ашық, тез тіл табысқыш екенін байқадық. Сынып жетекшісі Сәбира Ержанқызының айтуынша, Ниссаим – бауырмал, жүрегі жұмсақ оқушы.

[smartslider3 slider=2014]

– Сыныптағы кейбір сабақ үлгерімі нашар оқушыларға мұғалімдер ұрысса, Ниссаим сол балаларға тәтті әкеліп, көңілін көтеруге тырысады. Айналасына мейірімділік танытқанды жақсы көреді. Бастапқыда сыныптағы кейбір оқушыларда бөліну болды. Бірақ түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен соң бірден тіл табысып кетті. Бір жағынан Ниссаимның өзі өте ашық, ақкөңіл. Оның ерекше қабілеті – сыныптастарының және мұғалімдерінің аты мен ата-анасының атын жатқа біледі. Танысқан адамға да осы сұрақты қойып, ұмытпай есте сақтап алады, – дейді сынып жетекшісі.

Ниссаим сабақтан тыс уақытта инклюзивті қолдау кабинетінде педагог-ассистентімен бірге сабақтарды қайталайды, арнайы мамандармен жұмыс істейді.

[smartslider3 slider=2015]

 

– Ниссаимның қасында сағат 14:00-ден 19:00-ге дейін арнайы бірге жүретін педагог-ассистенті бар. Асханаға және арнайы мамандарға, қосымша үйірмелерге апарады. Кабинетте қазақ тілі, математика сабақтары бойынша қайталау сабақтарын өткізеді, – дейді мектептің инклюзия бойынша әдіскері Перизат Хасенова.

Ниссаим 5-10-сыныптар арасындағы «Бұрымды қыз» байқауына қатысып, арнайы номинацияны жеңіп алған. Бұдан бөлек, балет бишісін жапырақтан құрастырып, «Күзгі қолөнер» байқауында ІІ дәрежелі дипломмен және арнайы төсбелгімен марапатталған. Қалалық ерекше білім алуды қажет ететін балалардың арасында «Тәуелсіздік жетістіктері» атты байқауға қатысып, анасымен бірге тәтті бәліш пісірген.

Ниссаим 5-10-сыныптар арасындағы «Бұрымды қыз» байқауына қатысып, арнайы номинацияны жеңіп алған. Бұдан бөлек, балет бишісін жапырақтан құрастырып, «Күзгі қолөнер» байқауында ІІ дәрежелі дипломмен және арнайы төсбелгімен марапатталған

– Ниссаимның анасы өте белсенді. Сыныптағы барлық шараға қатысады. Бірде «Жастар театрында» қойылған «Мейірім­ді жүрек» қойылымына бардық. Сол кезде тек қана Ниссаимның ата-анасы сыныппен бірге театрға бірге барып, қатысты. Қойылым біткен соң, сыныптағы оқушылар «мейірім – біздің жүрегімізде» деп хормен айтты. Сондай шараларға жиі қатысып тұрады. Жақын арада ғылыми жоба қорғаймыз. Қазір соған дайындалудамыз, – дейді сынып жетекшісі.

Ниссаим былтыр робототехникаға қатысты. Бірақ үйірме жетекшісі ауысып кетті де, биыл жалғастырмады.

Анасы Алма Досанованың айтуынша, Ниссаим үйде қуыр­шақ ойнағанды жақсы көреді.

– Маған үй жұмысына, әсіресе ыдыс жуғанда көмектеседі. Өте мейірімді, қолындағы барымен бөліседі. Түрлі түсті қарындашпен сурет са­лады. Дайын нәрселерден композиция құрастырғанды жақсы көреді. Қолөнермен де айналысады. Ниссаимның өз режимі, яғни далада серуендейтін уақыты бар. Далада сол уақытта қандай ауа райы болса да, дәл уақытында шығады. Жаңбыр жауса да, аяз болса да, соған сай жылы киініп, бәрібір далаға шығып серуендеп келеді. Саяхатты жақсы көреді. Осы уақытқа дейін Англия, Франция, Египетке барып келді. Енді Америкаға барғысы келіп жүр, – деді анасы.

 Айзада ЖАЙЫҚҚЫЗЫ

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button