Жаңалықтар

Үздік ұстаздар үкіленді

«Үркер» тұрғын алабында алғаш рет «Urker aueni» фестивалі өтті. Шара барысында еңбегі сіңген педагогтар мен белсенді азаматтар құрметтеліп, шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Шараға Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова, осы министрліктің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Дулат Жекебаев, Парламент Мәжілісі мен Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаттары, елорданың Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев қатысты.

[smartslider3 slider=2371]

Салтанатты рәсім барысында тұрғын алаптың 30-ға жуық мұғалімі жетістіктері мен табыстары үшін Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатына ие болды. Тағы 15 педагогты Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының әкімі алғыс хатпен марапаттады.

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған реформаларын жүзеге асыруда педагогтар ерекше және маңызды рөл атқарады. Бұл фестиваль – жақсы бастама. Тұрғын алаптарда осындай маңызды іс-шараларды мүмкіндігінше жиі өткізу қажет, – деп атап өтті Білім және ғылым министрінің орынбасары Бибігүл Асылова.

Шараны ұйымдастырушы Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты Назгүл Мақжанның айтуынша, бұл фестивальді өткізу дәстүрге айналады.

– Мемлекеттің трансформациясы елорданың шет аймақтарынан басталады деп ойлаймын. Фестиваль осы процестің басталуына серпін беретініне сенімдімін. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, қуатты мемлекеттің қалыптасуы Үкіметтің жұмысына ғана емес, ең алдымен әрбір азаматтың еңбегіне байланысты, – деді Назгүл Мақжан.

 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button