Астана аудандары

Үздіктер марапатталды

 Байқоңыр ауданы әкімі Нұрбол Нұрсағатов Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай көпбалалы аналарды және әр саланың үздіктерін марапаттады.

[smartslider3 slider=1356]

Ана деген абзал атқа лайықты көпбалалы отбасының ұйытқысы болып отырған келесі аналарымызды «Алтын алқа» марапатымен және Байқоңыр ауданы әкімдігінің атынан Хадиша Ақбердиева, Салтанат Молдағалиева, Зейнеп Мухатаева, Арайлым Темірғалиеваларға бағалы сыйлық – заманауи смарт сағаттарын табысталды.

Әр саланың өз майталманы бар, әр саланың өз үздігі бар. Оларды марапаттау, мадақтау, құрмет көрсету – жас мамандарға мотивация, үлгі. Қала әкімдігінің ұсынуымен келесі сала мамандары алғыс хаттар мен Байқоңыр ауданы әкімдігінен бағалы сыйлық – теледидар табысталды:

Байқоңыр ауданы бойынша «Ең үздік денсаулық сақтау қызметкері» болып танылған Броска Лариса ­Петровна;

Байқоңыр ауданы бойынша «Ең үздік ұстаз» номинациясында №21 орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі – Сүлейменова Гүлжаухар Балтабайқызы;

Байқоңыр ауданы бойынша «Ең үздік азаматтық қорғаныс саласының маманы» болып танылған Байқоңыр ауданының Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы ­Қуанышев Асылхан Серікұлы;

Байқоңыр ауданы бойынша «Ең үздік полиция қызметкері» болып танылған Жукенов Темірлан ­Ерғабылұлы марапатталды.

Соңғы екі жылда әлемдік пандемия кезінде қасиеті мен қадірі ерекше білінген, ақ халатты абзал жандардың еңбегі ерекше. Шыр етіп жарық дүние есігін ашқан нәрестеден бастап, еңкейген қартқа дейін ақ халатты дәрігерлер қызметіне жүгінетіні рас. Олардың еңбегін қажетсінбейтін жан бұл өмірде кемде-кем. «Достық» отбасылық денсаулық сақтау орталығының мейірбикесі Ақерке Бейбітқызы, «Дос­тық» отбасылық денсаулық сақтау орталығының жалпы тәжірибе дәрігері Бибігүл Наурызбайқызы, №8 қалалық емханасының Статистика бөлімінің меңгерушісі Амина Өміржанқызы, №3 отбасылық денсаулық сақтау орталығының меңгерушісі Жания Ғалымғалиқызы адал еңбектері үшін алғыс хат пен бағалы сыйлық – ұялы телефонмен марапатталды.

Сонымен қоса үздік қызметкерлер 2021 жылғы 2 желтоқсандағы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша «Қазақстан Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Әскери-тарих музейінің сахнасында өткен іс-шара мерекелік концертке ұласты.

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button