Мәдениет

ҮЗДІКТЕР ВАЛЬС БИЛЕЙДІ

Мамырдың жиырма бесі астаналық дарынды балалар «Салтанат» балында вальс билейді. 

Оқушылар сарайында өтетін дәстүрлі шараға рес­публикалық, халықаралық ғылыми жоба мен олимпиада жеңімпаздары қатысады. Білімімен оқ бойы озған өрендер 10-11-сыныпта оқиды. Осымен төртінші рет ұйымдастырылатын «Салтанат» балының тақырыбы «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық ор­талығының 10 жылдығына арналмақ.
Биылғы оқу жылы елорда оқушылары АҚШ, Бразилия, Грузия, Ресей, Оңтүстік Кореядағы халықаралық білім жарыстарынан 268 медаль еншіледі. Ал, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарысында аста­налықтар жыл сайын топ жарып, «Үздік команда» атануда.
Шара барысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев пен Астана қаласы әкімі Әділбек Жақсыбеков үздіктерді марапаттайды деп күтілуде.

Мәдина ЖАҚЫП

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button