Басты ақпаратЖаңалықтар

Василий Левит алтын медаль үшін берілетін 250 мың доллар көлеміндегі сыйақы алады

Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит алтын медаль үшін берілетін сыйақы алатын болды, – деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

CA1I7135

«Василий Левит финалдық жекпе-жекте жеңіске деген ерік-жігер көрсетті. Ол күміс медаль алғаны үшін мемлекеттен 150 мың доллар көлемінде сыйақы алады. Сонымен қатар, Қазақстан бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаевтың шешімімен оған тағы да 100 мың доллар берілмек. Осылайша В.Левиттің сыйақысы алтын медальмен тең болады», – делінген хабарламада.

AIBA ережесі бойынша төрешілер шешіміне наразылық қабылданбайды. Сондықтан Қазақстан бокс федерациясы қазылардың шешімін құрметтейтінін жеткізді.

Фото: Данияр Майлыбаев

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button