Қала тіршілігі
Astana Bike велокарталарын тегін алады
Астана қаласындағы I, II, III топтағы мүгедектер мен Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының әлеуметтік қызметкерлеріне және зейнеткерлерге Astana Bike сертификаттары табысталды. Бұл құжаттың көмегімен олар велокарталарын тегін рәсімдеуге болады.
«Мүмкіндігі шектеулі жандарды Astana Bike жобасына тарта отырып, тең мүмкіндіктер қоғамына тағы да бір қадам жасамақпыз, барлық қала тұрғындарын қай санатқа жататынына қарамастан белсенді өмір салтын ұстануға баулимыз» дейді Samruk-Kazyna Trust қорының басқарушы директоры Лима Диас.
Қазіргі кезде Astana Bike жобасын пайдаланушылардың саны велосипедтер мен станциялардан да артып кеткендіктен, пайдалану картасын сату әзірге тоқтатылған.