Қала мен СалаҚала тіршілігі

Веломаусым аяқталды

Ертеңнен бастап қалада велосипедтерді жалға беру маусымы аяқталып, барлық велостансалар бұғатталады.  Бұл туралы City Transportation System жауапкершілігі шектеулі серіктестігі хабарлады.

[smartslider3 slider=561]

Негізінен, Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік қызметін жетілдірумен бірге велошеринг жобасы да қарқынды жүзеге асырылып жатыр. Қазіргі таңда елордадағы 155 велостансада 1078 велосипед шаһар тұрғындары мен қонақтарын межелеген жеріне дер шағында жеткізуге дайын.
– Қаладағы велошеринг қызметін жетілдірудің алғашқы сатысында велосипедті жалға алуды жеңілдетуден бастадық. Қазір велосипедті жалға алу үшін бастапқы онлайн-тіркеуден өтіп, логин мен пароль алу жеткілікті. Мұнан соң тұрғындардың қалауын ескере отырып, аялдамалардың жанындағы велостансаларды көбейттік. Яғни автобустан түскен жолаушы үйіне дейін жету үшін велосипед жалға алып, мініп кете береді. Сәйкесінше, үйінен аялдама дейін жетуде де қос дөңгелекті көліктің қызметін пайдалана алады.
Осы жұмыстардың нәтижесінде велосипедті жалға алу қызметін қолданушылардың саны 2,5 есе өсті, – дейді City Transportation System жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.
 

Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button