SportБасты ақпарат

ВЕЛОШЕРУ «БӘЙТЕРЕКТЕН» БАСТАЛАДЫ

ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына қатысушы қазақстандық 

спортшыларға қолдау білдіру мақсатында бұқаралық веложорық өтті.

«Біз Олимпиадашыларымызды қолдаймыз!» ұранымен өткен бұқаралық велошерудің

ашылу салтанатында «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қайрат Жаңабергенов сөйледі.

Ол болашақта ел намысын қорғайтын велошабандоздарға сәттілік тілеп, еліміздің байрақты бәсекеде үш алтынды қанжығалағанын қуанышпен жеткізді. Спортшы Александр Винакуровтың жеңісімен басталған мерейлі мәртебеміз жалғасын табатынына сенім білдірді.

«Бәйтерек» монументі алдындағы алаңнан басталған бұқаралық велошеру Достық, Ақмешіт және Қонаев көшелерімен жүріп өтті. Бұл шараға елордалық әуесқой велосипедшілер қатысты. Шараның жалпы ұйымдастырылуын және оны өткізуді Астана қаласы әкімінің аппараты, «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы, Туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы жүзеге асырды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button