ЖаңалықтарҚала тіршілігі

ВЕЛОЖОЛ БЫЛАЙҒЫ ЖОЛДАН ӨЗГЕРЕК

ERA_8440

Астана қаласының әкімдігінде Қазақстан Рес­публикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы және Астана қаласының әкімдігі арасында веложол инфрақұрылымын дамыту саласында өзара әрекет ету туралы Меморандумға қол қойылды.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев велосипед сынды экологиялық көлік мәселесін үнемі көтеріп келеді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі өткен жылы Премьер-министрге Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық барысында велоинфрақұрылымын дамыту туралы ұсыныс жасағанын айта келе, «Самұ­рық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының бас директоры Ерлан Даримов бұл ұсыныс «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акцио­нерлік қоғамы мен Астана қаласы әкімдігі тарапынан толықтай қолдау тапқанын жеткізді. Оның айтуынша, үш кезеңнен тұратын бұл жоба шілде айының басында іске асырыла бастайды. 2015 жылы Есіл өзенінің сол жағалауы мен оң жағалау толықтай қамтылмақшы. Ал, ең соңғы кезең – «ЭКСПО-2017» қала­шы­ғының аумағында орналасады.

Жалпы алғанда, қала бойынша 40 велобекет болады және оның барлығы сол жағалаудағы Министрліктер үйінен бастап ірі-ірі сауда ойын-сауық кешендерінің алдарына қойылады. 2017 жылға қарай велобекеттер қатары 100-ге және велосипедтер саны 1000-ға жетеді деп күтілуде.
Бүгінгі таңда әлемде қала жағ­дайында көліктің осы түріне ойысу үрдісі байқалады. Қытайда бір автомобильге 250 велосипедтен келсе, Дания, Германия, Нидерланд сияқты дамыған мемлекеттерде сапардың 30 пайызы велосипед арқылы жүзеге асырылады.

Жапонияда жұмысбасты халықтың 15 пайызы қыз­­ме­тіне осы транспорт арқылы қатынайды. Болашақта біздің еліміз де осыған аққұла көшетініне сенім бар. Сонымен қатар, веложолдар инфрақұрылымын дамыту қосымша жұмыс орындарын ашып қана қоймайды, еліміздің ірі қалаларындағы экологиялық жағдайды жақ­сартып, жолдағы кепте­лектің де азаюына әсерін тигізеді.

Гүлбаршын ӨКЕШҚЫЗЫ

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button