Мәдениет

Вена классикасының фестивалі

Қаңтарда «Астана Опера» театрында бір ай бойы Вена классикасының фестивалі өтеді. Фестивальге Жапония, Моңғолия, Израиль, Эстониядан шақырылған музыканттар мен театрдың шығармашылық ұжымы қатысады.

Вена классикасының фестивалі К.Байсейітова атындағы камералық залда 13 қаңтарда басталады. Бұл кеште театрдың симфония­лық оркестрі моңғолиялық дирижер Мунхбаяр Эрдэнэбаатардың жетекшілігімен өнер көрсетеді, солист – «Астана Операның» бірінші скрипкасы Бағдат Әбілханов. Фестивальдің 19 қаңтарда өтетін екінші концертінде театр оркестрінің музыканттары Эстониядан маэстро Ханно Мёлдеркивидің жетекшілігімен сахнаға шығады, Дамиля Махпирова гобойда жеке өнер көрсетеді.

25 қаңтарда «Астана Операның» Үлкен залы сахнасында Абзал Мұхитдиннің жетекшілігімен театрдың симфониялық оркестрі мен хоры В.А.Моцарттың әйгілі шығармалары – №40 симфония мен Реквиемді ұсынады. Жеке партияларды орындайтындар: сопрано – Жәмилә Жарқымбаева, альт – Салтанат Мұратбекова, тенор – Рамзат Балакишиев, бас – Шыңғыс Расылхан. Бас хормейстер – Ержан Дәуітов.

31 қаңтарда №4 концерт аясында Израильден дирижер Арик Гольдштейн, солист-пианист Долорес Үмбетәлиева және оркестр әртістері өнер көрсетеді. Ал 7 ақпанда фестивальдің қорытынды концертінің қонағы маэстро Коки Гонгуй Янг (Жапония-Қытай) болмақ. Ол осы кеште театрдың симфониялық оркестрін басқарады. Виолончелші Дәулет Шәкіров кеште солист болады.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button