Елорда тынысы

Волонтерлер марапатталды

Халықаралық волонтерлер күніне орай елордада белсенді әрі ұзақ уақыт жұмыс істеп келе жатқан 41 ұйым мен ерікті топтар марапатталды.

Іс-шараны «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе ұйымдастырды.

Волонтерлік ұйымдар арасында экологиялық, әлеуметтік, төтенше жағдай, инклюзивті, қоғамдық тәртіп және медицина саласына қатысы бар ұжымдар болды. Атап айтсақ, хабар-­ошарсыз кеткен адамдарды іздеумен айналысатын «Астана еріктілері LIDER.KZ» ҚБ, жалғыз­басты қарттар мен ерекше қажеттіліктері бар адамдарға, жалғызбасты аналарға атаулы әлеуметтік көмек көрсететін «Клуб Добряков» клубы қайырымдылық негізде киім, аяқ киім жинайтын әлеуметтік дүкенді жүргізетін «LikeKomek» ЖШС, автоволонтер ретінде көмек көрсететін «Skoda club Astana» автоклубы, иесіз үй жануарларына көмек көрсететін «New.life.astana» приюті, балалар үйінде тренингтер, шеберлік сабақтары, турнирлер өткізумен, аз қамтылған отбасылардан шыққан және мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытумен айналысатын «MikaSun» бастамашыл еріктілер тобы және т.б. ұйымдар қатысты.

«Ерекше қажеттілігі бар адамдарға және егде жастағы жандарға тегін ыстық тамақ таратумен айналысамыз. Азық-түлік себеттерін де беріп, тұрмыстық заттарды жеткізуге көмектесеміз. Сондай-ақ киім қоймасы бар, онда азаматтар қалаған нәрсесін ала алады» деді «Истоки добра Астана» қоғамдық қорының үйлестірушісі Динара Насибулина.

Бүгінгі таңда Астанада «Ерікті болу оңай» ұранымен қысқы апталық аясында волонтерлер белсенділігі апталығы өтіп жатыр.

Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button