Елорда тынысы

Worldskills Кazakhstan – Астанада

Дүниеде аспаздықтан асқан қадірлі, қажетті мамандық жоқтың қасы. Аспаздарды даярлайтын колледждер арасында WorldSkills Kazakhstan жобасы бойынша байқаулар бірнеше жылдан бері өткізіліп келеді.

WorldSkills Kazakhstan – техникалық және кәсіптік білім беру саласында алдыңғы қатарлы тәжірибе алмасу бойынша халықаралық алаң.

Халықаралық аспаздар күні әлемнің 70 мемлекетінде тойлау дәстүрлі мереке болса, осы айтулы мерекені тойлау 2019 жылдан AstauFest фестивалі деген атаумен қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінде жыл сайын тұрақты түрде өткізілуде.

Фестивальдің көздеген басты мақсаты – халықаралық ынтымақтастық арқылы әлемдік WorldSkills қозғалысының дамуына, оған қатысушы жастардың шеберлік деңгейіне жаңа серпін беру, аспаз мамандығының маңызын дәріптеу, мейрамхана бизнесін индустрия ретінде дамыту, аспаз саласында ерекше қабілетті кәсіби шеберлерді анықтау, оларға қолдау көрсету.

«Бұл іс-шара жұмысшы мамандықтар беделінің артуына ғана емес, сондай-ақ қызметкерлерді таңдаған мамандықтарына жан-жақты оқып-үйренуге ынталандыратынына және өзінің кәсіби шеберлігін жетілдіруге де септігін тигізетініне сенімдімін» дейді Астана қалалық қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжінің директоры Зәуре Қылышбаева.

Фестиваль барысында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған студенттер, сала мамандары халықаралық деңгейде тәжірибе алмасып, бас қосады.

AstauFest-2022 фестиваліне үш жыл қатарынан алыс-жақын мемлекеттерден өкілдер келді. Бүгінде Түркия, Корея, Ресей, Якутия, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Татарстан мемлекеттерімен ынтымақтастық нәтиже беріп отыр.

Фестиваль – креативті мамандардың өз идеяларын ортаға салатын қазақстандық білім беру саласы үшін ортақ алаң. Оқу-ағарту саласының, Білім басқармасы тарапынан зор қолдауға ие болып отыр.

8 мемлекет пен еліміздің 13 аймағынан жүзден аса студент пен са­йысқа қатысушы шеберлер, сондай-ақ, сарапшылар келді.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button