Ел тынысы

«Уылдырық шашу» балық қорғау акциясы өтуде

Жыл сайын республиканың барлық балық шаруашылығы бассейндерінде балық ресурстарының табиғи өсімін молайту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету мақсатында «Уылдырық шашу» балық қорғау акциясы өткізіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Осыған байланысты, Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы 2023 жылғы 24 ақпанда № 30-9/42 «Уылдырық шашу» балық қорғау акциясын ұйымдастыру туралы» бұйрықты бекітті. Барлық өңірлердегі балық ресурстарының уылдырық шашу кезеңінде белгіленген орындар мен шектеулер мен тыйымдардың мерзімдеріне байланысты балық аулауға тыйым салынады, олармен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500011939
Бұл ретте, балық шаруашылығының облысаралық бассейндік инспекциялары жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы аккредиттелген ғылыми ұйымдардың ұсынысы бойынша тыйым салудың жалпы ұзақтығын өзгертпей, табиғи-климаттық жағдайларға байланысты жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға тыйым салу мерзімін күнтізбелік он бес күнге қандай да бір бағытқа ауыстыру туралы шешім қабылдай алатынын атап өткен жөн. Акцияның нәтижелері туралы қорытынды ақпарат оның аяқталуына қарай жарияланады.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button