Таным

XVi ғасырдағы Қазақ хандығы

ХVІ ғасырдың басы Қазақ хандығының нығаю кезеңі болды. Бұл уақытта Шибан ұрпақтары оны құлату мақсатымен бірнеше жорықтар ұйымдастырды. 1510 ж. Мұхаммед Шейбани хан қазақтарға қарсы үлкен жорық ұйымдастырды. Ол басында жойқын болғанымен, Шибан ұрпақтарының әскерлерін Қасым хан жасақтары талқандады. Бұл жорық Мұхаммед Шейбанидың қазақтарға қарсы соңғы жорығы болды. 1510-1520/21 жылдар Қазақ хандығының Қасым хан тұсындағы дәуірлеу кезеңі болып табылады. 1521 ж. Қасым хан өлгеннен кейін қазақ мемлекетінің әлсіреу кезеңі басталды, көрші елдермен болған соғыстарда хандық кейбір жерлері мен адамдардан айрылды. 1537 ж. Санташ шайқасында қазақтар моғол-өзбек әскерлерінен ойсырай жеңілді. Тек ХVІ ғ. 50-жылдары билікке Қасымның ұлы Хақназар ханның келуімен қазақ мемлекеттігі қайта нығая бастады. Хақназар хан мен Шығайдың аз уақыт басқаруынан кейін, Тәуекел хан Қазақ хандығын нығайтуды жалғастырды. 1589/99 ж. ол Орта Азияға Шибан ұрпақтарына қарсы жорық жасап, жетістіктерге жетті. Осындай бір шайқастарда Тәуекел хан жарақат алып, қайтыс болды. 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button