Таным

XVІІ-XVIII ғасырдың басындағы Қазақ хандығы

XVII ғасырдың басында ішкі тартыстардың салдарынан Қазақ хандығы әлсіреді. Тәуекелдің інісі – Есім ханның билікке келуі Қазақ хандығының одан әрі құлдырауын тоқтатты. Қазақтың тағы бір ханы Тұрсын ханмен арадағы күрделі қарым-қатынасқа қарамастан, Есім хан Қазақ хандығын нығайту үшін бірқатар шаралар атқарды. «Есім ханның ескі жолы» («Древняя дорога хана Есима») атты заң жүйесі қолданылды. Көрші мемлекеттермен шайқастарда жетістіктерге қол жеткізілді. Ойрат тайпаларының бірнеше жорықтарына тойтарыс берілді. Қазақтың ұлы билеушілерінің бірі – Есім хан 1628 жылдың күзінде қайтыс болды. 1635 жылы ойрат тайпалары Қазақ хандығының басты қарсыласына айналған «Орталық Азиядағы соңғы көшпенді империя» Жоңғар хандығының негізін қалады. XVII ғасырдың 30-50 жылдары қазақтар жоңғар басқыншылығына қарсы күресті. 1643 жылы Орбұлақ шайқасы болды. Жәңгір хан қол астындағы 600 сарбазымен жоңғардың 50 мың әскеріне тойтарыс берді. 1680 ж. Тәуке ханның билікке келуі Қазақ мемлекеттілігінің жаңа сатыға көтерілуіне себеп болды. XVII ғасырдың аяғында Тәуке ханның тұсында мемлекеттілікті күшейту мақсатында «Жеті Жарғы» – Қазақ хандығының жаңа заңы қабылданды. 1715 ж. қазақтың үш жүзіне билігін жүргізген соңғы қазақ билеушісі Тәуке хан қайтыс болды. Оның өлімінен кейін қазақтың әр жүзінде өз ханы пайда болды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button